ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

53

0

Бүгін белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, жерлесіміз Құдайберген Саржанұлының 80 жылдық мерейтойы атап өтілді.
Мерейтойға келген барша қонақтар алдымен қаладағы балықшылар мұражайына барып, балықшылар өмірінен сыр шертетін түрлі экспонанттармен танысты. Сонымен қатар Құдайберген Саржанұлының қаладағы К.Дәрібаев көшесінде орналасқан үйіндегі мұражайын аралады.
Мерейтой аудандық мәдениет үйіндегі «Өмір жолы сан тарау – ерен тұлға атты» салтанатты шарамен жалғасты.
Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов пен Ауылшаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің балық шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы Нариман Талғатұлы арнайы келіп, мерейтой иесіне ыстық ықыластарын білдірді. Сондай-ақ аудан әкімі М.Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп, мерейтой иесіне шапан жауып, сый-сияпат жасады.
Аталмыш мерейтойға Арал ауданының әкімі болған азаматтар мен бірқатар ел ағалары да келіп, ізгі ниеттерін білдірді. Мерекелік кешке аудан ақсақалдары мен тұрғындары, Құдайберген ағамызбен қызметтес болған азаматтар қатысып, түрлі естеліктермен бөлісті. Әсем әндер айтылған мерекелік кеш соңында Қ.Саржанов кешке қатысушыларға алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Осылайша, еңбек жолын «Арал балық шаруашылық» өндірістік бірлестігінің инженері болудан бастап, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Балық шаруашылығы министріне дейінгі қызметтердің бәрін де абыроймен атқарған Құдайберген Саржанұлы 80 жылдық мерейтойында жұртшылықтың шынайы алғысы мен құрметіне бөленді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз