ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ КОМПАНИЯ

33

0

Халық маркасы – 2015

 

ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ КОМПАНИЯҚазақстанда отандық
азық-түлік тауарларын өндірушілер арасында «Халық маркасы-2015» жалпыұлттық
байқауы жарияланғаны туралы бұған дейін де хабарлаған болатынбыз. Байқау
жеңімпаздары, яғни ең үздік тауарөндірушілер мен отандық маркалар онлайн дауыс
беру арқылы анықталады.

«Казагромаркетинг» АҚ еліміздегі барлық
облыстар мен Астана және Алматы қалаларындағы желілері арқылы ұйымдастырып
отырған «Халық маркасы-2015» байқауында отандық азық-түлік өндірушілері 30 тауарлық
номинация бойынша жеңімпаз атану мақсатында күш сынасады. Олардың ішінде
«Газдалған сусын», «Шәй», «Кондитерлік тағамдар», «Ұн», «Сүт өнімдері»,
«Жарма» секілді аталымдар бар.
Жеңімпаздарды өзінің сүйікті өніміне www.halykmarkasy.kz сайтында қолдау
көрсеткен тұтынушылардың дауысы анықтайды. Халықтық дауыс беру 2015 жылдың 8
қазанына дейін созылады.

Аталған байқауға
аймағымыздан «Абзал және
Компания» толық серіктестігі де қатысуда. Тек облыста ғана емес, елімізге
танымал компания бұл байқауға «Жарма өндіруші» номинациясы бойынша «Элита» атты
брендпен танымал ақталған ақ күріш ұсынуда. Айта кетейік, «Жарма өндіруші»
номинациясы бойынша, қатысушылар тарапынан күріш, қарақұмық, бидай, арпа және
тағы да басқа жарма тұқымдас дақылдар ұсынылады.

Күріш өсіруден көпжылдық
тәжірибесі бар әлемнің мықты елдерімен іскерлік байланыс орнатып отырған
серіктестікте олардың көшіне ілесуге бар мүмкіндіктер жасалған. ҚР Еңбек Ері,
облыстық мәслихаттың депутаты Абзал Ералиев басқарған компания жоғары сапалы жарма алу үшін
алманиялық «Петкус», корейлік «Даевун» және жапондық «Сатаке» фирмаларының
күріш ақтауға арналған қондырғыларынпайдалануда. Серіктестіктің күріш
ақтау зауыттарында «Элита» сортынан басқа «Маржан», «Янтарь», «Лидер», «Анаит»
және «Фишт» сорттары шығарылуда. Серіктестік бүгінде өнімдерінің 30 пайыздан
астамын шетелдерге шығарып отыр. Экспорт ТМД елдері мен Түркияға жіберілуде.
Тұрақты сатып алушылар қатарына Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан
жәнеТәжікстан елдерін жатқызуға болады.

«Қамқорлығымыз – әр
дәнге» деген ұстанымды ту қылған «Абзал және К» толық серіктестігі халал
сертификаты, ҚР Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің сертификаты, ҚР СТ ИСО
9001-2009 сертификаты, Қазақ Тағамтану Академиясының сертификаты және тағы да
басқа халықаралық стандарттау сертификаттарының иесі екенін айрықша атап өткен
жөн. Сыр еліне ғана емес, Қазақстанға танымал азамат басқарып отырған «Абзал и
К» толық серіктестігінің әлеуметтік жауапкершілік және әлеуметтік саясатты
дұрыс жүргізу болашақта бизнесті дамытудың маңызды шарттарының бірі ретінде
санайтынын да облыс жұртшылығы жақсы біледі. Әлеуметтік салаға қолдау көрсету,
аймақты дамыту, түрлі шараларға демеушілік жасауда серіктестік тарапынан
жасалып жатқан жұмыстар үлкен бір мақалаға арқау болары сөзсіз.

Міне, осындай
ұжымның «Халықтық марка-2015» байқауында
жеңімпаздар қатарынан көрінуі үшін www.halykmarkasy.kz сайты арқылы дауыс
берейік! Оның аяқталуына азғана уақыт қалды. Ендеше, асығайық!

Ы.ТӘЖІҰЛЫ

 

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз