Құрметті зейнетке шықты

237

0

Құрметті зейнетке шықтыАрал ауданының әкімі актив жиынында белгілі дәрігер Ғабиболат Меңдібайұлына құрметті зейнетке шығуына орай, ауданның «Құрмет» Грамотасын тапсырды.
Нұрғалиев Ғабиболат Меңдібайұлы- 1953 жылдың1 қыркүйегінде Арал ауданы, Сарбасат ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1969-1975 жылдары Алматы мемлекеттік медициналық институтын, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын, 1976жылы Арал қаласыорталық ауруханасының хирург-травматолог дәрігерлік қызметімен бастаған. 1987-1994 жылдары Арал аудандық орталық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі болып қызмет жасаған. 1994-1996 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында травматолог дәрігері. 1996-1998 жылдары Арал аудандық орталық аурухананың бас дәрігері және 1998-2007 жылдары Арал аудандық жүйке аурулар диспансерінің бас дәрігері болып қызметтерін атқарған. 2012-2016 жылдар аралығында аудандық емханасының нарколог-дәрігері қызметін атқарып, зейнетке шыққан. 2016 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз