Рәміздер мәртебесін асқақтатты

44

0

Рәміздер мәртебесін асқақтаттыОрталықтандырылған кітапханалар  жүйесіне қарасты №12 кітапханада тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Рәміздеріміз –ұлттық намысымызды қозғайтын ұлы қасиет» атты танымдық кеш өтті.
Кеш барысында кітапханашы Әсем Жолмырзаева «Ел рәміздері – тәуелсіздіктің айғағы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, кітапхананың белсенді оқырмандары Наргиза Сейілхан мен Аяжан Мәлікаждар , «Болашақ» медициналық және «Қызылорда» көпсалалы колледжінің студенттері өлеңдерін оқыды.
Шара барысында кеш қонақтары  ҚР мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұранның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі туралы әңгімелеп, рәміздеріміздің тарихына тоқталып өтті. Сондай-ақ  желбіреген аспан түстес көк байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын  Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі,  ал қыранның орын алуы тәуелсіздік алған  Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген  тілектермен өз сөздерін аяқтады. 
Кеш соңында орталықтандырылған кітапханалар  жүйесінің директорының орынбасары Айнұр Қыдірәліқызы шараға қатысқан жастарға тәуелсіз ел рәміздерін бойтұмарындай сақтап қана қоймай,  әрқашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтайтын мықты азамат болатындарына сенімін білдіріп, сәттілік тіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз