Робототехника сайысынан жүлдемен оралды

69

0

Робототехника сайысынан жүлдемен оралды16-19 ақпан аралығында Астана қаласында «Kazakhstan Robotics Chalange 2017» атты республикалық робототехника сайысы өтті. Сайысқа «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының желісіндегі мектеп оқушылары, колледж студенттері қатысты.
Сайыс 3 секция бойынша жүргізілді: «Лего сумо», «Гонки по Линиям», «Выполнение Задания». Барлығы 63 команда, 126 оқушы қатысты.
№10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатынан 3 команда қатысып, 2 команда жүлделі орындарды иеленді. 
«Лего сумо» секциясы бойынша қатысқан Турабай Меруерт пен Дәуренбек Мереке ІІІ орынды, «Гонки по Линиям» секциясы бойынша қатысқан Асылбекова Ботагөз бен Жағал Ақерке ІІІ орынды иеленді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз