Роналду, Месси және Нойер «Алтын допқа» үміткерлер үштігіне енді

51

0

Роналду, Месси және Нойер «Алтын допқа» үміткерлер үштігіне ендіМадридтік «Реал» футбол командасының шабуылшысы Криштиану Роналду, каталондық «Барселонаның» форварды, аргентикалық Лионель Месси және мюнхендік «Баварияның» қақпашысы, неміс Мануэль Нойер 2014 жылдың үздік футболшысын анықтау бойынша дауыс беруде үштікке енді. Бұл туралы испандық La Voz De Galicia газеті хабарлайды.

«Алтын доп» иегерінің есімі 12 қаңтарда Цюрихте өтетін ФИФА-ның жыл қорытындыларына арналған салтанатты кешінде белгілі болады. Оны ФИФА-ның құрамына кіретін барлық елдердің бас бапкерлері мен құрама капитандары қатысатын дауыс беру қорытындылары бойынша анықтайды.

Жүлдеге үміткер үш адамның есімі ресми түрде дүйсенбі күні кешке жарияланды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз