Өршіген өрттен екі адам құтқарылды

71

0

Өршіген өрттен екі адам құтқарылды Кеше, Ақмешіт шағын ауданы №31 мекен-жайында орналасқан жатақхананың жалғастыра салынған жайдың шатырына өрт түседі. Екі минуттан кейін оқиға орнына Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің  №1 мамандандырылған  өрт сөндіру бөлімінің 6 қызметкері оқиға орнына жетеді. 
Барлау барысында құтқарушылар өрттің, жалғастыра салынған бес қабатты жатақханың шатырынан бастау алғандығын  анықтады. От пен улы түтін екінші қабаттағы пәтерге енген. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы әрі өрт сөндіру жетекшісі азаматтық қорғау майоры Н.Ілиясов, аға инженер, азаматтық қорғау лейтенанты Н.Медеуовке және бөлімше командирі, азаматтық қорғау кіші сержанты Т.Сидақовке  өрт сөндіру іс-әрекеттері бойынша тапсырма берді.
Өршіген өрттен екі адам құтқарылды  Осылайш,а азаматтық қорғау майоры Н.Ілиясов және аға өрт сөндіруші азаматтық қорғау сержанты С.Есжанов адамдарды жедел құтқару жұмыстарын жүргізеді. Іс-қимыл барысында 2-қабаттағы пәтерден 2 адам құтқарылды. Олар 1968 жылы туған З.Темірқұлова мен оның қызы 1996 жылы туған А.Самат. 
Өрт сөндірушілердің келісілген іс-әрекеттерінің арқасында қаза тапқан және жарақат алғандар жоқ. 2 адам құтқарылып, 9 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт 16 сағат 44 минутта оқшауланып, 16 сағат 54 минутта толығымен сөндірілді.
Үй тұрғындарының айтуынша өрттің шығу себебі шатырға түскен темекі қалдықтары салдарынан болған. З.Темирқұлова тілсіз жаудан арашалап қалған өрт сөндірушілерге ризашылығын білдірді.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз