Өрт 2 бүлдіршіннің өмірін жалмады

67

0

Өрт 2 бүлдіршіннің өмірін жалмадыҚазалы. Аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі Ерімбет көшесі бойындағы №37 үйде өрт шығып, оқыс оқиға салдарынан 3-4 жастағы екі бүлдіршін көз жұмды. Бұл жөнінде еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Күндізгі сағат 11.08-де басталған өрт арада он минөттей өткенде сөндірілді. Шағын тұрғын үйді шарпыған жалын екі бүлдіршіннің өмірін жалмап кетті. Өртті сөндіруге Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментіне қарасты құрылымдардың 6 маманы мен 2 техникасы қатыстырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз