Өрт қауіпсіздігі сенбілігі

63

0

Күн суыта бастағанда жеке сектор тұрғындары өз үйлерін жылыта бастайды. Осыған байланысты Қызылорда облысы ТЖД және «ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметкерлері тұрғындар арасында профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Әр жұма сайын қызметкерлер өрт қауіпсіздігі сенбілігін өткізеді. Бұл іс-шараларда тұрғындармен әңгімелесу, нұсқамалар жүргізу мен қатар жадынамалар таратылды.

Өткен аптада жеке сектордың 7234-ден астам тұрғындарына өрт қауіпсіздігінің шараларын сақтау туралы жадынамалар ұсынылды. Үгіт-насихат жұмыстарын өткізу барысында мамандар жеке сектор тұрғындарына жылыту пештерін дұрыс қолдану және мұржаларға басты назар аудару туралы айтты. Олар сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы өміріміздің аман қалуына септігін тигізетінін еске салды.

Жылыту маусымы басталғаннан бері тұрғын үй арасында 31 өрт және бір көмір қышқыл газына улану фактісі тіркелген, улану себебі көмірдің сапасы төмен болғандығынан орын алған.

Қызылорда облысы ТЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз