Өрт сөндірушілер 9 адамды құтқарды

44

0

Өрт сөндірушілер 9 адамды құтқардыҚызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі облыстық туберкулезге қарсы диспансері ғимаратында өрт-тактикалық жаттығу өткізді. 
Арнайы қызметтермен өзара  бірлесіп әрекет жасау нұсқаулығына сәйкес, жедел-жәрдем қызметкерлері, ІІД қызметкерлері, мамандандырылған күзет қызмет бөлімі, «ҚазТрансГазАймақ» ЖШС-і, қалалық электр торабы қызметкерлері және Апаттар медициналық орталығы мен Оңтүстік өңірлік аэромобильдік құтқару жасағы қызметкерлері жаттығудың нәтижелі аяқталуына ат салысты. Жаттығуға қала гарнизоны бойынша барлығы 5 өрт автокөлігі және 35 өрт сөндіруші жұмылдырылды.  
Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек,  жаттығудың негізгі мақсаты – ғимараттың өрт қауіпсіздігі талаптарына сай болуын анықтау, өрт сөндіру техникаларының даярлығын тексеру, қызметкерлердің өртті ауыздықтауда қолданатын тәсілдерін жаңарту және жылдамдығын арттыру  болды. Шартты белгі бойынша сағат 20.00-де диспансердің 1-қабатында орналасқан дәрі-дәрмек қоймасында өрт шықты.  Дабыл бойынша көтерілген өрт сөндірушілер дер кезінде оқиға орнына жетіп, өзара біріккен іс-қимылдың нәтижесінде түтінге тұншыққан 9 адам құтқарды. Қауіпсіз жерге шығарылған адамдар саны 253, оның 39-ы жүре алмайтын науқастар. Қойылған міндеттер мен мақсаттар толық орындалып, өрт сөндірушілер ептіліктерін аңғарта білді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз