Өрт сөндірушілер ондаған шаруа қожалығын оттан сақтады

56

0

Өрт сөндірушілер ондаған шаруа қожалығын оттан сақтадыҚызылорда облысының шаруа қожалығына төнген дала өртіне байланысты жағдай тұрақталды. Соңғы үш тәулікте өрт сөндірушілер ондаған қожалықты және саяжай алқабын оттан аман алып қалды.

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 сәуір күні сағат 13:01-де өрт ПМК – 29 саяжай серіктестігіне жақын жерде тіркелді. Дабыл бойынша Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметі» ММ барлық жеке құрамы көтерілді. Өрт аралда жанды. Құрғақ күннің және желді ауа райының әсерінен өрт заматында үлкен аумаққа таралды. Оған жету үшін, көлді жүзіп өту керек болды. Қызылорда облысы «Суда құтқару қызметі» ММ қызметкерлері резеңке қайықтарда өртпен күресушілерді тасуды ұйымдастырды.
Өрт нәтижесінде зардап шеккендер саны жоқ. Өртті жою кезеңінде өрт сөндірушілер 100 бас ауылшаруашылық малын қауіпсіз жерге айдап әкелді. Өрт түн ішінде жойылды.
Өртті жою кезінде жеке құрамның 39 адамы, 2 мотопомпа, өрт сөндіру құрал-жабдықтары және Қызылорда облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 2 техникасы қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз