Өрт сөндірушілер отқа күйіп, ауыр халге түскен ер азаматты құтқарды

92

0

Өрт сөндірушілер отқа күйіп, ауыр халге түскен ер азаматты құтқардыБүгін Қызылордада «101» диспетчер тетігіне Г.Әділбековадан Құлтекенов көшесіндегі №96 үйде өрт болып жатқандығы жайлы ақпарат келіп түсті.

Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық -құтқару жұмысы қызметі» ММ №11 өрт бөлімінің қызметкерлері үйдің бесінші қабаттағыдағы пәтерден шыққан жалын тілін шұғыл сөндіруге кірісті. Ал өртке қарсы қызмет капитаны А.Тлеуқабылова күйік шалған үй иесі мен екі балаға көмек көрсетті. Құтқарылған ер кісі жедел жәрдем машинасымен ауруханаға жіберілді.

Өрт жою кезінде 42 адам көшірілді, оның ішінде 16 -сы – балалар. Өрт сөндіруші қызметкерлердің шұғыл әрекеттерінің арқасында адам құрбаны болған жоқ. Жалын 40 минутта сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 6 техника мен Қызылорда облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ жеке құрамының 26 адамы тартылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз