Өрт сөндірушілер велошеруге қатысты

56

0

Өрт сөндірушілер велошеруге қатыстыАрал өңірінің тұрақты дамуы жөніндегі «Арал – 2017» форумы аясында қала көшелерімен велошеру өтті.
Аталған шараға Қызылорда облысының құқық қорғау органдарынан 100-ден астам қызметкер белсене қатысты. Велошеру Тәуелсіздік даңғылының басынан басталып, Евразия спорт кешені арқылы Желтоқсан көшесіне түсіп, орталық алаңдағы мәреден аяқталды. Сондай-ақ, орталық алаңда «Аралым – айдын шалқарым» атты концерт ұйымдастырылып, көпшіліктің көңілін көтерді. Айта кетейік, велошеру жарысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты, бұқаралық спорт түрлерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау, облысымыздың тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту және қолжетімді велосипед спортымен шұғылдануға қызығушылығын арттыру болды. Велошеруге ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы азаматтық қорғау майоры Жандәулет Өндірей қатысып, белсенділік көрсетті.

Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз