Өрт-тактикалық жаттығу

175

0

Қызылордада Жалантөс Бахадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатында түнгі мезгілде өрт-тактикалық жаттығулар өткізілді. Бұл Қызылорда облысының ең үлкен білім беру нысандарының бірі, онда 100-ден астам тәрбиеленушілер жатақханада тұрады. Мектеп-интернат кешенінің құрылымы оқу ғимараты, жатақхана, асхана, көкөніс қоймасы, шаруашылық корпусы мен гараждардан тұрады.
Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес өрт 21.00-де жатақхананың екінші қабаттағы бір бөлмесінде пайда болды. Интернат қызметкерлеріне ғимараттан 115 баланы алып шығару үшін екі минуттан аз уақыт қажет болды. Осы уақытқа келген өрт сөндіру бөлімшесі адамдарды құтқару және өртті сөндіруге іс-әрекеттеріне кірісті.
Оқу-жаттығу барысында өрт сөндірушілер дағдыларын жетілдіреді, мектеп қызметкерлерін өрт қауіпі бар жағдайда үйретеді. Жедел топтарының жаттығуы мен қаланың тіршілігін қамтамасыз ету қызметтері арасындағы өзара әрекеттестікті дамыту маңызды рөл атқарады.
Оқу-жаттығуға 74 адам мен 14 техника жұмылдырылды: Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің 1 қызметкері, Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің 57 қызметкері және 9 өрт сөндіру техникасы, Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы бөлімшесінің 4 құтқарушы және 1 техникасы қатысты. Сонымен қатар оқу-жаттығуларға жергілікті полиция қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем, газ және электр желілерінің жедел бригадалары қатысты.
Өрт сөндіру қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі А.Умаров өрт-тактикалық оқу-жаттығуларға оң баға берді, бұл өз кезегінде жедел құрылымдардың тиімділігін атап өтті.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз