Өрт-тактикалық жаттығуы өткізілді

48

0

Өрт-тактикалық жаттығуы өткізілдіҚызылордада орман өрттерін жою бойынша өрт-тактикалық жаттығуы өткізілді. Өрттің аумағы үш гектарды құрады. Өрт желдің әсерінен тез өршіп, жақын орналасқан орман алқаптарына қауіп төндіруі мүмкін болды. Инспекция қызметкерлерінің өрт сөндіру күші мен құралдары жеткіліксіз болғандықтан, Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіру бөлімшелері көмекке келді.

Жаттығу орнында өрт сөндіру жедел жасағы жұмыс жасап, тез арада ұйымдастыру шаралары жүргізілді.
Жаттығудың негізгі мақсаты: Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ мен Қызылорда облысының аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекция қызметкерлері арасында өзара бірлескен жұмысты қалыптастыру, жеке құрамның қандай жағдайларға болмасын кәсіби дайындықтарын шыңдай түсу, күштер мен құралдарды анықтау, дала өрттерін өшіруге берілген тапсырмаларды орындаудағы шеберліктерін дамыту болды.
Жаттығуға барлығы 35 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылды. Аумақтық орман және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясынан АЦ, Т – 150 тракторы – 2 техника, су таситын машина (водовоз) және 24 қызметкер қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз