Өрт және судағы қауіпсіздікке мән берілді

47

0

Өрт және судағы қауіпсіздікке мән берілдіҚызылорда
қаласы төтенше жағдайлар басқармасы, оңтүстік өңірлік аэромобилдік
жедел құтқару жасағы, суда құтқару қызметімен бірлесіп, №3 мектеп-лицей
мәжіліс залында қала мектептерінің басшылары мен лагерь басшыларына «Өрт
және судағы қауіпсіздік» атты нұсқау ұйымдастырды. Бұл шара мектеп
жанындағы күндізгі тынығу лагерлері өз жұмысын бастауына орай, өрттің,
төтенше жағдайлардың алдын алу, тынығушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету мақсатында қолға алынды. 
Іс шара барысында тыңдаушыларға
қаладағы өрт ахуалы, өрттің пайда болу себептері, оны болдырмау, суға
батқан адамға алғашқы медициналық көмек тәсілдері, өртттің алдын алу
іс-шаралары жөнінде бейнероликтер көрсетіліп, жалпы қауіпсіздік туралы
нұсқау жүргізілді. Нұсқауға 52 мектеп директоры, олардың орынбасарлары
және лагерь басшылары қатысты. Іс-шара соңында қатысушыларға лагерь
тынығушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйғарымдар
тапсырылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз