Рухани жаңғыру – заманауи қоғам тынысы

73

0

Осы тақырыпта Назарбаев Зияткерлік мектебінде тарих пәнінің апталығы өтті. Апталықтың басты мақсаты – рухани жаңғырудың аясында патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту.
Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау. Осынау терең мағынаға ие апталық аясында, бір жетіде ең маңызды оннан астам іс-шара ұйымдастырылу жоспарға енді. Оқушылар мен ұстаздардың бірлесіп жасаған театрландырылған қойылымымен апталықтың шымылдығы түрілді. Алғашқы күні-ақ, оқушылар салмақты шараға белсене араласты. Ғаламның түрлі өзгерістерінен хабардар зияткерлер БҰҰ-ң ауқымындағы қаралатын мәселеде пікір таластырып, бір сәтке ұйымның әр елдегі дипломаттары рөлдерінде ойнады.
Конференцияда бас қосқан «дипломаттар» әлем алдындағы түйіткілді мәселе, Иерусалимнің қазіргі статусын талқылады.
11 сыныптың 20 оқушысы қатысқан жиында әр оқушы өзінің тақырып аясында ізденуі мен көшбасшылық қабілетін жан-жақты таныта білді. Сүбелі сөз бен еркін пікір алысып, жиынды қорытындылады. Апталық мұнан да өзге форматтардағы іс-шаралармен жалғасын тапты. Жаңалыққа жаны құмар жас өрендер «Креатив бой», «Кто станет монополистом? Эко-монополия» сияқты интеллектуалды ойындарда өздерін сынап көрсе, «Ата жұрт», «Тарих толқынында-жас толқын» білгірлер сайысы оқушылардың тарих, география, жаhандану перспективалары пәндеріне қызығушылығын одан әрі арттыра түскендей. Білім ордасындағы мұндай апталықтар, білім талап қылған әрбір оқушы үшін маңызы ерекше екені сөзсіз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз