Руслан Әбдіразақов – Қазақстан чемпионы

71

0

Руслан Әбдіразақов - Қазақстан чемпионыШымкент қаласында дзюдодан ересектер арасында (ерлер және әйелдер) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Байрақты
бәсекеге Астана, Алматы қалалары мен республикамыздың барлық
облыстарынан 500-ге жуық татами шеберлері қатысты.Бұл туралы облыстық
дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесулер ерлер және әйелдер арасында 16 салмақ дәрежесінде өтті.

Аталмыш жарыс келесі жылы Астана қаласында болатын Әлем чемпионатына қатысатын спортшыларды іріктеу мақсатында ұйымдастырылды.

Чемпионат
қорытындысында 100 келіден жоғары салмақта сынға түскен Руслан
Әбдіразақов Қазақстан чемпионы атанды. 100 келіде Әділхан Қозыбаев пен
70 келіде Динара Қодарова күміс жүлдені иеленсе, 63 келіде Мөлдір
Болатбекова мен +78 келіде Қымбат Тұршабек қола жүлдеге қол жеткізді.

Енді
спортшылар желтоқсан айында Қырғызстанға оқу-жаттығу жиынына барады.
Одан кейін келесі жылы ақпан айында Грузияда болатын Әлем кубогында бақ
сынайтын болады.

Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде
және №1 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің
олимпиадалық резерві мектебінде жаттығатын спортшыларды жарысқа Ишанбек
Жұмабаев, Жанарбек Сансызбаев, Қайрат Төленов және Жанар Дүйсекеновалар
дайындады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз