Құрылыс жасақтарының үздік жұмыстары анықталды

44

0

Құрылыс жасақтарының үздік жұмыстары анықталдыБүгін  «Жастарды қолдау орталығы» МКМ-нің ұйымдастыруымен және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Қызылорда облысы әкімдігінің ситуациялық орталығында аталмыш студенттік құрылыс жасағының жұмысын қорытындылау, үздік еңбек еткен жастарды және «Қайсар» фан клубының мүшелерін марапаттау мақсатында салтанатты жиын өткізілді.

Басқосуға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Әлібаев қатысып, жастарға келелі ойлар айтып, олардың пікірімен бөлісті.

Сонымен қатар, шара барысында облыс әкімінің орынбасары  студенттік құрылыс жасақтары қатарында маусымдық кезеңде еңбек еткен сарбаздарды арнайы облыс әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Бұл туралы «Жастарды қолдау орталығы» МКМ баспасөз қызметі хабарлады.

Марапатталушылар қатарында сондай-ақ, «Қайсар» фан клубының мүшелері де бар. Бұлар өңіріміздегі спорт саласының дамуы мен жанкүйерлер қатарын көбейтіп, жастардың патриоттық сезімін нығайтуға үлес қосты.

Жастар құрылыс жасағында маусымдық кезеңде  облыс бойынша 281  жас 28  мекемеде жұмыс жасаса, оның 28-і тұрақты жұмысқа орналасты.

Олардың ішінде «Абу-Сер» ЖШС, «Иман» ЖШС, «Мар-Сам» ЖШС, «Интергорстрой» ЖШС, «Строй Сервис Базис» ЖШС, «Аманқұрылыс» ЖШС және «Абзал и К» толық серіктестігі бар.

Өз кезегінде жастар мен олардың ата-аналары  көрсетілген қолдау мен жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алудағы атқарылған шараларға алғыстарын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз