Сағадиев ҰБТ-дағы қазақ тіліне қатысты өзгерістерді түсіндіріп берді

90

0

Сағадиев ҰБТ-дағы қазақ тіліне қатысты өзгерістерді түсіндіріп бердіҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкіметте тілшілерге берген сұxбатында ҰБТ-дағы қазақ тіліне қатысты өзгерістерді түсіндіріп берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
«Биыл қазақ тілін мектеп түлектерінің 100 пайызы тапсырады  12 жыл бойы орыс мектептерінің түлектері қазақ тілін ҰБТ аясында тапсырып келген болса да, оның нәтижелері есепке алынбаған. Тіл білімін бағалау нәтижелері грантты алуға ықпал етпеген. Сонымен қатар, мектеп түлектерінің бір бөлігі қазақ тілін тест негізінде емес, мектепте әзірленген билеттер бойынша тапсырған. ҰБТ екі кезеңге бөлінуі себепті, сондай-ақ, биылғы мектеп түлектерінің 100 пайызы қазақ тілін тапсыруы мақсаты қойылып отырғандықтан, аттестатты алу үшін әрбір түлек экзамен тапсырып, тіл білімін тестілеу қорытындылары бойынша сәйкес бағасын алуы тиіс», – деді министр.
Сонымен қатар Ерлан Сағадиев жоғары оқу орнына түсетін түлектер қазақ тілінен сынақты қашан тапсыратынын да атап өтті. «Жоғары оқу орнына барған кезде қазақ тілінде мектеп бітірген балалар ҰБТ-ны қазақ тілінде алып отыр ғой. Биыл олардың үлесі – 80-85%. 15 пайызы бірыңғай тест ретінде қазақ тілін тапсыратын болады», – деп түйді сөзін ведомство басшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз