«Сақалды» құрылыстарға енді жол берілмейді

45

0

«Сақалды» құрылыстарға енді жол берілмейді Бүгінгі күнге дейін 2008 жылдан бері сағызша созылып келе жатқан 34 «сақалды» құрылыстың 30-ы пайдалануға берілді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тұрақты кеңес мәжілісінде осы деректерді келтірді.
Аталмыш нысандардың барлығының әлеуметтік маңызы зор. Сондықтан олардың уақтылы аяқталмау себебі қазбалана қойған жоқ. Қайта оларға қаржы бөлініп, іске қосылды Атқарылған қыруар жұмыстың игілігін ел көріп отыр. Облыс басшысы ендігі кезекте мұндай кемшіліктерге жол берілмеу керектігін құзырлы сала басшыларына қадап тапсырды. Жауапсыз мердігерлерді бюджет қаржысына салынатын нысандарға жақындатпауға мән беріледі. Кейбір азаматтар фирмасын басқа атпен тіркеп, қайтадан әрекет еткісі келеді. Дегенмен, шағын облыста оны анықтап отыру қиынға соға қоймасы анық. Ал «қара тізімге» ілінген құрылыс мекемелерін тендерге жақындатпайтын болады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз