Садық Мұстафаев: \»Қайсардың\» үздік алтылыққа енуі – сенсация!\»

42

0

«Қайсардың» биыл Премьер-лиганың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша үздік алтылыққа енуі – сенсация, деп мәлімдеді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Садық Мұстафаев «Сыр бойы» газеті сайтының тілшісіне.
«Қайсар» биыл Премьер-лиганың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша үздік алтылыққа енуі – сенсация. «Тобыл», «Тараз» секілді азулы, майталман командаларды артқа қалдырдық. Олардың жылдық бюджеті де «Қайсардан» жоғары», – дейді С.Мұстафаев.
Оның айтуынша, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың өзі бас бапкерлікке тәжірибелі маман Дмитрий Огайды шақырды, клубтың жылдық бюджетін бекітті. Соның нәтижесінде «Қайсар» бәсекелестік өте жоғары болған ел чемпионатында көшбасшылар қатарынан көрінді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз