Сахна тарланын – Сәбира

42

0

Сахна тарланын – СәбираҚазалы. Ауданында КСРО және ҚазКСР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Театр анасы» атанған актриса Сәбира Майқанованың өмірге келгеніне 100 жыл толу құрметіне «Сахна тарланы – Сәбира» атты көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы болып өтті. 
 Рухани шараның шымылдығы сахнада қамшы салдырмас актриса сомдаған Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер-Ана» шығармасындағы Толғанайдың монологымен ашылды. Байқауға 16-26 жас аралығындағы 14 талапкер қатысып, олар бірінші шарт бойынша Сәбира Майқанова орындаған аялы аналардың образдарынан үзінді көрсетті, екінші шартқа сәйкес талапкерлер өздерін белгілі телехабарлардың жүргізушісі ретінде көрсетсе, үшінші шарт бойынша «Ана» тақырыбына арналған танымал ақындардың өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқыды. Нәтижесінде бірінші орынға №204 мектептің мұғалімі Сая Өтепова ие болды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз