
Балаларды иппотерапия әдісі бойынша оңалту «Шағбан» жеке балабақшасында жүзеге асады. Ол үшін Абай аулындағы шаруа қожалықтарының бірінен 2 жылқы бөлінген. Алдағы уақытта олардың қатарын көбейту көзделуде. Иппотерапия – жүйке жүйесі зақымданған адамдарды емдеуге арналған медицина ғылымының бір тармағы. Жүйкесі мен қимыл-қозғалысы бұзылған науқастарды емдеуге жылқы жануары қолда¬нылады. Мамандардың айтуынша, жылқымен емдеу оңалтудың тиімді түрі. Жылқы қозғалғанда берілетін жылу қан айналымын жақсартып, адам ағзасын нығайтады. Енді қызылордалық балақайлар да атқа мініп, сауықтыру шараларына қатыса алады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!