САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

58

0

САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен,
«Эрудит» фитнес орталығы, «Оян Қызылорда» және Қызылорда  еріктілер
спорттық қозғалысының ұйымдастыруымен  И.Ильин саябағында көпшіліктің
қатысуымен гимнастикалық жаттығулар өткізілді. Алғашқы мәрте
ұйымдастырылған шараға 5 жастан 70 жас аралығында 100 –ге жуық қала
белсенділері қатысты.
    Айта кетейік, бұл шара И.Ильин саябағында және Әйтеке би көшесінде
орналасқан Казкоммерцбанк алдындағы спорт алаңында айына екі мәрте
өтетін болады.
    Келесі гимнастикалық жаттығулар 20 ақпанда Казкоммерцбанк алдындағы спорт алаңында өту жоспарлануда.
    Барлықтарыңызды саламатты өмір салтын ұстануға, шынығуға 
шақырамыз!Өмірдегі ең басты байлығымыз – деніміздің саулығын ешқашан
ұмыт қалдырмайық!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз