Салық түсімінен Қызылорда төртінші орынға көтерілді!

45

0

Салық түсімінен Қызылорда төртінші орынға көтерілді!  Өткен жылы облыс салық түсімі көрсеткіштері бойынша республикада төртінші орынға табан тіреді. Сыр өңірі 2013 жылдың басында бұл жөнінен тоғызыншы орында тұрған еді. 
 Кеше, 23 қаңтарда облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткізілген салық түсімдерін ұлғайтуға арналған отырыс осындай жағымды жаңалықпен басталды. Сонымен бірге, биылғы жылы атқарылатын жұмыстар жайында да кеңінен қамтылды. Облыс әкімі былтыр облыс шоғарландырылған бюджетке 600 млрд. теңге жуық қаражат түсіргенін атап өтті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 102 млрд. теңгеге артық. 
Облыстың бас салықшысы Әлібек Тілегенов облыстың салық түсімдері үлкен мұнай компанияларының есебінен молайып отырғанын тілге тиек етті. Олар жалпы көрсеткіштің 90 пайызын құрайды. Әйтсе де, ауыл шаруашылық саласы бойынша өнімдерді өндіру арқылы қосымша салық түсімдерін көбейтуге болады. Өткен жылы салық, әділет, қаржы департаменттері мен өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармалары  арасындағы өзара меморандум өз нәтижесін көрсетті. Бірлескен меморандум арқылы өңір тайқазанын толтыруға мүмкіндік жасалды. Өткен жылы қаланың гео картасы арқылы бірқатар көлеңкелі бизнестің ашылған. Осындай гео карта аудандарда да жасалу керек
  Жиналыстың түйінсөзінде облыс әкімі салық түсімдерін молайту бойынша бірқатар жауапты тұлғаларға тапсырмалар берді. 
Айсәуле ҚАРАПАЕВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз