
Аталмыш акция аясында Арал қаласының орталық алаңында флешмоб ұйымдастырылып, көлеңкелі экномиканың алдын алу мақсатында тұрғындарға үнпарақтар таратылды. Акция «Қанағат» коммуналдық базарында жалғасын тапты. Сонымен қатар «Патриот бол – чек талап ет!» деген ұранмен сауда нүктелеріне ақпараттық үнпарақтар таратылып, арнайы мамандар салық төлеу міндеттерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.