Samsung жаңа смартфондарын таныстырды

60

0

Samsung жаңа смартфондарын таныстырды Жуырда Нью-Йорк қаласында Samsung компаниясы жаңа Galaxy S8 және Galaxy S8+ смартфондарын таныстырды, – деп хабарлайды Baq.kz.
Олардың айырмашылығы дисплейлерінің көлемінде. Galaxy S8 және Galaxy S8+ экранының диагоналі 5,8 және 6,2 дюйм.
Смартфондар екі түрлі. Олар Samsung Exynos 8895 немесе Qualcomm Snapdragon 835 процессорлы болмақ.
Ол 12 және 8 мегапиксельден тұрады. Жадының көлемі – 64 Гбайт, оперативті жады 8 Гбайт. Сондай-ақ, олар microSD-картпен жабдықталмақ. Екеуінің де экранының жиектері иілген болып келеді. Онда батырма тетіктер де болмайды, смартфон тек виртуалды клавиштер арқылы жұмыс істейді.
Ұялы телефондар нарыққа осы жылдың сәуір айының ортасында шығады деп күтілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз