Санчес Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

64

0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) бапкері Абель Санчес Boxeo de Nocaut тілшісі Эктор Исласке мексикалық Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы өтуі мүмкін реванш туралы айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Біз Оскар Де ла Хойя және Golden Boy-дің президенті Эрик Гомеспен сөйлесіп жатырмыз. Әрине, «Канеломен» реванш өткізгіміз келеді. Егер реваншты «Синко де майо» мерекесінде өткізу туралы келісімге келе алмасақ, онда Головкин наурызда басқа боксшымен шығады. Біз күте алмаймыз, оған жаттығу керек», – деді Санчес.
Букмекерлік кеңселер аталған кездесуге қатысты коэффициенттер ұсынып үлгерген: Головкиннің жеңісі – 1,752; Альварестің жеңісі – 2,13, тең түссе – 21.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз