Саптық байқау кезінде салтанатты түрде ант қабылдады

229

0

Саптық байқау кезінде салтанатты түрде ант қабылдадыІшкі істер органдары қызметкерлері үшін саптық байқау – атаулы оқиғалардың бірі. Дәстүрлі түрде жылына екі рет ұйымдастырылатын байқаудың басты мақсаты – полиция қызметкерлерінің саптық жарғы ережелерін меңгеруін, саптық дағдының дәрежесін анықтап, әскери қызметшілердің түр-тұлғасын, киім-киісін, қызмет атқаруы үшін қажетті қару-жарағының, қызметтік куәліктерінің ереже талаптарына сай болуын тексеру болып табылады.
Қалыптасқан дәстүрге сай, 2017 жылдың 15 сәуірінде жазғы киім нысанына көшуге байланысты Қызылорда ОІІД жеке құрамының саптық байқауы өтті. Жергілікті полиция қызметі ғимаратының алаңында өткізілген іс-шараға Ішкі істер департаментінің барлық басқарма басшылары, қызметкерлері қатысып, 7 қорапта 5 қатардан сап түзеді. Департамент бастығы  полиция полковнигі Қайрат Болатұлы Мұхитов ішкі істер департаменті қызметкерлерінің киім кию үлгісінің, қызметтік куәліктері мен жетондарының, жадынамасының арнайы бұйрықтың талаптарына сәйкес екендіктерін тексерді.
Одан әрі саптық байқау жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсіміне ұласты. Полиция қатарына жаңадан қосылған 16 жас маман қызметті адал және абыроймен атқаруға, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандықтарын қорғауға салтанатты түрде ант берді. Әскери өмірге аяқ басқан жас буынды айтулы күндерімен ішкі істер органдары ардагерлерінің атынан Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбол Тұңғышбаев құттықтап, азаматтық борыштарын абыроймен атқаруларына тілектестік білдіріп, ыстық ықыласын жеткізді.
Саптық байқау жеке құрамның салтанатты шеруімен аяқталды.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі Саптық байқау кезінде салтанатты түрде ант қабылдады
Саптық байқау кезінде салтанатты түрде ант қабылдады
Саптық байқау кезінде салтанатты түрде ант қабылдады

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз