
«Проблеманың шешімін таппасақ, Таяу Шығыста бейбітшілік орнату қиынға соғады. Оныңәсеріәлемдікқауымдастыққазорзиянкелтіреді. ЖалпыҚазақстандипломатиялыққарым-қатынастарғақолайлы, бейбітсүйгішмемлекет. Оныңүстіне, сириялықшиеленістіреттеугеүнеміқолдаукөрсетіпкеледі»,-деді ол.
Нұрсұлтан Ахмедияның ақпаратынша, баяндамада келіссөздер тараптардың негізгі бағыттары көрсетілген және Астана келіссөздер процесінің болжамды қорытындысына баға берілді.
«Қазақстан сириялық дағдарыстың алдын алуға көп күш-жігер жұмсап отыр.Процеске қатысушы тараптар мүддесінің күрделі, даулы екенін ескерсек, мұндай келіссөздер ымыраға келумен, талаптар татуласуға даяр болуымен, яғни қандай да бір шарттарға көне алатындығымен аяқталатынына үмітті»
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Ахмедия алғашқы келіссөз 23-24 қаңтар күндері, екінші кезең 16 ақпанда өткенін еске сала кетті. Сирия бойынша Халықаралық кездесудің төртінші кезеңі ағымдағы жылдың 3-4 мамырында өткен болатын.
Кездесудің негізгі мақсаты Сирия үкіметі мен оппозиция өкілдерінің арасындағы сириялық жанжалды бейбіт жолмен реттеу болып табылады.
«Кездесудің негізгі қорытындысы Ресей, Түркия, Иран елдері соғыс амалдарын тоқтату режимін бақылау үшін үшжақты механизмді құру болып табылады»,-деді Нұрсұлтан Ахмедия.