«Сарайшық: ұлы қалашығының тарихы» атты Халықаралық ғылыми конференциясы жоспарлануда

109

0

«Сарайшық: ұлы қалашығының тарихы» атты Халықаралық ғылыми конференциясы жоспарланудаОрталық мемлекеттік органдардың шаралары жайында ОКҚ ресми өкілі Мұрат Жұманбай апталық шолу брифингі барысында хабарлады.
Мұрат Жұманбайдың ақпаратынша, 3 сәуірде Ұлттық музейде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Атырау облысының әкімдігімен «Сарайшық: ұлы қалашығының тарихы» атты Халықаралық ғылыми конференциясы өтеді. 
Сондай-ақ, Мұрат Жұманбай конференцияның негізгі мақсаты – қалашықты қалпына келтіру мен бұзылудан сақтау мәселелеріне жоғары білікті шетелдік және отандық ғалымдардың назарын аудару екенін атап өтті. 
«Аталған конференция барысында ортағасырлық Сарайшық қалашығын сақтап қалу бойынша шаралар мен ғылыми зерттеулердің қорытындысын талқыға салмақ. Себебі бүгінгі таңда табиғи-климаттық және антропогендік факторлардың әсерінен Сарайшық қалашығының жағдайы министрліктің, әкімдіктің, қоғам мен ғалымдардың алаңдаушылығын туғызуда»,-деді Мұрат Жұманбай. 
Ғылыми конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, ҚР Парламентінің депутаттары, тарих ғылымдарының докторлары, белгілі археологтар,  қоғам және мәдениет қайраткерлері, жақын және алыс шетел ғалымдары, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері және БАҚ қатысады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз