\»Сауда үздігі-2016\»

35

0

"Сауда үздігі-2016"Жуырда Шымкент қаласында Қазақстанның үздік сауда кәсіпорнын анықтау мақсатында «Сауда үздігі-2016» байқауы мәресіне жеткен болатын. Алғаш рет 2002 жылы ҚР Сауда кәсіпорындары қауымдастығы ұйымдастырған шара сауда кәсіпорындары үшін жоғары баға болып саналады. 
Оның  мақсаты – сауда кәсіпорындарының табысты тәжірибелерін анықтау және тарату, жағымды имиджін қалыптастыру, сауда қызметкерлерінің кәсіби шеберліктері мен беделін арттыру, сауда саласында көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру. Сонымен  бірге, өз жұмысы барысында инновациялық тәсілдерді қолданатын ұйымдарды анықтау.
Байқауға республика аумағында қызмет етіп келе жатқан, түрлі мақсаттағы және меншіктегі сауда орындары қатысты. Қазақстанның барлық облысынан қатысуға өтініш білдірген 32 кәсіпкер «Үздік жекелеп сату», «Үздік көтерме сауда», «Үздік сауда базары», «Үздік спорт-ойын-сауық орталығы», «Үздік жол бойы қызметі, «Үздік шетелдік компания», «Үздік демалыс орны», «Жылдың үздік басшысы» номинациялары бойынша сынға түсті.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов: «Сауда үздігі-2016» республикалық байқауының жеңімпаздары болып Қызылорда қаласынан «Ең үздік сауда кешені» номинациясы бойынша ІІ орынды «Нұр-Назар» ЖШС «Арай» СОО және «Ең үздік сауда базары» номинациясы бойынша ІІІ орынды Шиелі ауданының «Әбдіманап» ЖШС-ні марапаттап, жеңістерімен құттықтады.
Шиелі ауданында 1993 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан, қазіргі таңда 480 сауда нүктесі бар, 600-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған «Әбдіманап базары» ЖШС директоры Әбдіғани Шорабаев: «Бұл менің жылдар бойғы еңбегімнің жемісі деп білемін. Жұмысым халыққа қызмет ету. Алдағы уақытта бұдан да жоғары белестерге жетуге жұмыс жасаймын»,-десе, өзі бар болғаны 23 жастағы жас кәсіпкер «Нұр-Назар» ЖШС басшысы Айгерім Бадауова өз кезегінде сөз алып, «Мұндай байқаудың барын облыстық кәсіпкерлер палатасынан алғаш естідім, одан әрі әзірлік барысында Палатаның жан-жақты көмек көрсетіп, қолдау білдіргендігіне ризашылығын жеткізді.
«Арай» спорттық ойын-сауық кешені – Қызылорда облысында жалғыз көпсалалы спорттық объект. Оның иелігіндегі 50 гертар жерде кәсіби картинг, балалар ойын орталығы, фаст-фуд зонасы, монша және хамам орналасқан. Сондай-ақ «Арай»-да демалыс кезінде жарақат алып қалған жағдайда дер кезінде арнайы медициналық кабинет қызмет көрсетеді. Кешендегі тағы бір ерекше нысан – ол 2014 жылы салынған жүзу бассейні мен «Арай» түнгі клубы, балалар алаңы. Жылдың қай мезгіліне де қолайлы салынған спорт кешенінде облыстық жарыстар, байқаулар, концерттер, көпшілік мерекелер мен шоулар өтіп тұрады.. «Арай» – бұл  бұқаралық және әуесқойлық спорт орталығы, қвызылордалықтардың сүйікті демалыс орныдарының бірі. 
Айта кету керек, аталмыш сауда ұйымының байқауға қатысуы барысында сүйемелдеген Кәсіпкерлер палатасының қызметкері Гүлдана Таңатова да шара барысында марапатталды. 
Қызылорда облысының 
кәсіпкерлер палатасының  баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз