«САУДА ҮЗДІГІНДЕ» ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ОЗЫҚ

56

0

Жуырда Атырау қаласында «Атамекен» ҰКП мен Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығы бірлесіп, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен «Сауда үздігі – 2017» республикалық байқауын өткізген болатын. 

Байқау кәсіпкерлердің кәсіби қызметіне жоғары баға берумен қатар Қазақстанның сауда кәсіпорындарының үздік басшыларын анықтау, сервис деңгейін және қызмет көрсету сапасын көтеру, еліміздегі сауда саласына заманауи формаларды енгізу мақсатымен ұйымдастырылған. Онда «Үздік бөлшек сауда кәсіпорны», «Үздік көтерме сауда кәсіпорны», «Үздік сауда базары», «Үздік сауда-ойын сауық орталығы, кешені, сауда үйі», «Үздік жол бойы сервисі және демалыс аймағы», «Жылдың ең үздік басшысы», «Үздік шетелдік компания» номинацияларына лайықтылар анықталды.

Байқау қорытындысында «Үздік бөлшек сауда кәсіпорны» но­ми­нациясы бойынша «Браунис Қазақстан» ЖШС І орынға, «Үздік демалыс аймағы» номинациясы бойынша «Нұр-назар» ЖШС-ның «Арай» спорттық-сауықтыру кешені  І орынға, «Үздік көтерме сауда кәсіпорны» номинациясы бойынша «Абзал және К» ТС  І орынға ие болды.

«Жылдың үздік басшысы» номинациясының гран-приі «Абзал және К» ТС-нің директоры Мұрат Сәрсенбаевқа берілді. Байқауға қатысушылардың құжаттарын әзірлеп, ұйымдастыру жұмыстарына қосқан үлесі үшін Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлдана Таңатова алғыс хатпен марапатталды.

Айта кету керек, қызылордалықтар  І орынға ие болғандықтан, келесі жылы «Сауда үздігі» республикалық байқауы біздің өңірде  өтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз