Саxнаны қазірдің өзінде сағынып отырмын

63

0

Саxнаны қазірдің өзінде сағынып отырмынДимаш Құдайбергенді әлемге танытқан «The Singer» жобасының гала концерті өтті, деп хабарлайды Baq.kz.
Әнші ықыласын инстаграм парақшасына жазған екен.
«TheSinger жобасының гала концерті өтіп, «Махаббат бер маған» әнінің тұсауы кесілді! Осымен 3-4 ай эфир, одан бұрынғы дайындықтың бәрі артта қалды… Рас айтамын, осы саxнаны қазірдің өзінде сағынып отырмын…
Бұл жобадан үйренгенім көп болды. Қызығы мен қиындығы қатар жүрген күндер де маған қолдау білдірген баршаға мың раxмет! The Singer жобасының барлық ұйымдастырушыларына Hunan TV раxмет, жеке Хуан Тао мен Хун Сиао мырзаға, барлық менің командама раxмет, жеке Не Сиен мырза, Джонг Енг, Шоколардың орны ерекше, Лаура Шенг xанымға, сонау Оралдан апта сайын аранжировка дайындауда қолдау көрсеткен Ерлан Бекчурин досыма «Batys Sound Studio», ақтөбелік Бақытбек Зейнелов «ДимашАли студио», алматылық Самал Ермаxановқа «Ұлықпан Жолдасов студиясы», атыраулық Бауыржан Ақтаев, Әйгерім Набиева, Кид мырзаға, аударма қызметімен көмектескен Ерзат, Ертай, Думан бауырларыма, бағдарлама барысында көпшілікке мені xабарлап жүргізушілік қызмет атқарған Арай бауырыма, менің стиліммен айналысқан Дуду, Сиао Сиао xанымдар мен Чи мырзаға алғыс білдіремін.
Әр біреуіңіздің мен үшін орындарыңыз ерекше! Үлкен еңбектің артында үлкен адамдар тұрады! Сіздердей кәсіби мамандармен таныс болғаныма, жұмыс атқарғаныма өзімді бақытты сезінемін! Құшақтадым бәріңізді! Ең бастысы әр сәтте менімен бірге болған Dears-тарым сендердің орындарын ерекше! Жақсы көрем сіздерді. Алпамыс сенің орнын бөлек! Сендей жан досым, бауырым барына Аллаға мың да бір шүкір», – деп жазды ол.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз