Сайлау қорытындысы

136

0

Сайлау қорытындысы«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 44-бабының 5 тармағына сәйкес  2017 жылдың 26 наурызында өткен Қазалы аудандық мәслихатының №3 «Қазыбек би» сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына өткізілген сайлаудың нәтижелері туралы хабарлаймыз:
1. Округ бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлаушылардың жалпы саны   –   2642
2. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны  – 2305
3. Әрбір депутаттыққа кандидаттар үшін берілген дауыстар саны:
3.1. Қожалепесов Қуандық Бахытжанұлы – 2028
3.2. Ниятов Руслан Ақжолұлы – 120  
3.3. Шамшадинов Кенжетай – 133
4. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны – 24 
Округтік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Қазалы аудандық мәслихатының депутаты болып 1983 жылы туылған, қазақ, №88 орта мектебінің директоры, Қазалы ауданы Алға ауылдық округі Түктібаев ауылының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Қожалепесов Қуандық Бахытжанұлы сайланды.
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз