САҒЫНЫШТАН АРНАЙМЫН ЕЛІМЕ ЖЫР

73

0

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кәсіби бағдар беру және даярлау бөлімінің студенттері білім ордасының 80 жылдық мерекесіне орай «Сағыныштан арнаймын еліме жыр» атты мерекелік концерт ұйымдастырды.

Айта кетейік, мерекелік кешке Қытай, Өзбекстан және өзге де шет мемлекеттерден келіп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде даярлық курсынан білім алып жатқан қандастарымыз мұрындық болып отыр. Кеш барысында Оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректор Б.Абдикаримовбілім ордасында тәлім алып жатқан студенттердің алдағы өмір жолдарына сәттіліктілеп, алдағы уақытта университеттің мәдениіс-шараларында шетелдік қандастарымыздың да өнер көрсетуге жол ашық екендігін жеткізді.

Сонымен қатар студенттер 80 жылдық мерекеге орай университеткеарнайы естелік сыйлықтарын табыстады. Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз