СЕҢ КӨШІ «АҚЛАҚҚА» ЖАҚЫН ҚАЛДЫ

64

0

СЕҢ КӨШІ «АҚЛАҚҚА» ЖАҚЫН ҚАЛДЫӨңірлік коммуникациялар қыз¬метін¬де облыстық төтенше жағдайлар депар-таментінің бастығы О.Бержанов, жұмыл¬дыру дайындығы басқармасының басшысы С.Сермағамбетов, «Қазсушар» РМК облыстық филиалы басшысының орынбасары Ж.Ерназаров журналистерге арнап брифинг өткізіп, Сырдария өзеніндегі мұз жүру науқанының барысымен таныстырды.
Мұздың жүруі наурыздың алғашқы күнінен  басталды. Қыс бойы Жаңақорған ауданы аумағында мұз болмады. Шиелінің Жөлек елді мекенінен Аралға дейін 20 сантиметр, солтүстік аудандарда 50-70 сан¬тиметрге дейінгі қалыңдықта мұз қатты.  Қызылорда қаласы мен ¬Сырдария, Жалағаш аудандары аумақтарында  ешқандай төтен¬ше жағдай туындаған жоқ. Су тасқынының алдын алу шаралары толық көлемде атқа¬рылды. 
Наурыздың 11-нен бастап ¬«Шардара» су қоймасынан төменгі ағысқа секундына 1200 текше метр су жіберіле бастады. Облыс аумағына наурыздың 14-і мен 18-і аралығында секундына 840-1100 текше метр¬ге дейін су келіп түсті.
Сол уақытта күн суытып, өзен арна¬ындағы қалың мұз кептеліс туғызды. Осының салдарынан Қармақшы ауданынын¬дағы кейбір елді мекендер тұсында су деңгейі көтерілді. 
Нақты айтқанда, 18 наурыз күні Абыла елді мекені тұсында су жайылып, Қармақшы ауылдық округі, Абыла елді мекені тұрғындарының кезекпен өріске жайылатын 497 бас уақ малы қайтар жолда су қоршауында қалған. Наурыздың 18-19-ы күндері 469 бас мал қауіпсіз жерге шығарылды. Оның 402-сі «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағымен құтқарылды. Оқиға орнында 28 бас уақ мал суда қалды.   
«Оң жағалау каналының» Дүр Оңғар елді мекені тұсындағы қорғаныс бөгеттеріне облыстық жұмылдыру дайындығы басқар¬масының 4 жүк көлігі, 2 жүк тиегіш техникасы, 10 адам жұмылдырылып, каналдың қорғаныс бөгеті нығайтылды. Мұз жүру кезінде кептеліс болмау үшін 21 ¬наурыз күні Төребай би ауылдық округі мен «Қорқыт ата» разъезінің тұсында мамандандырылған мекеме мұзды жарды.
Дегенмен, 23 наурыз күні Қармақшы ауданына қарасты «Қаражаға» учаскесіндегі «Вахид» шаруа қожалығына барар жолды су басып қалғаны анықталды. Ертеңіне авариялық құтқару жасағының, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары 10 бас сиыр, 4 бұзауды қауіпсіз жерге шығарды. Сол жерде 5 бас ірі қара суға кеткен. 
Қазалы ауданының шекарасына мұз 23 наурыз күні келіп кірді. «Басықара» су торабынан 3 шақырым жоғары орна¬ласқан «Балшықсай» учаскесінде 26 нау¬рыз күні мұз кептелісі салдарынан су деңгейі көтерілді. Оқиға орнынан 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Осы су торабынан 3 шақырым төмен жатқан «Шортай» учаскесін су басып, жеке шаруа қожалығының 32 бас ірі қара малы мен 19 жылқысы қауіпсіз жерге көшірілді. Абай елді мекені тұсында да осындай жағдай орын алып, аудан орталығымен жол қатынасын байланыстыратын қалқымалы көпірдің алынып тасталуына байланысты 15 адам Қазалы қаласына қарай қайықпен өткізілді. «Кұмжиек» учас¬кесіндегі жайылымдықтан барлығы 8 адам тікұшақпен аудан орталығына, 1 науқас бала анасымен Қазалы аудандық ауруханасына жеткізілді.
Кептелісті ыдырату үшін 25-26 наурыз күндері «Басықара» су торабының тұсында 3 рет мұз жару жұмыстары ұйымдастырылды. Кешкі сағат 18.30-да  мұз су торабынан төменге жүріп, су деңгейі 15 сантиметрге төмендеді.
Қазалы ауданы бойынша 3 ауылдық округтегі елді мекенді су басу қаупі төнуіне байланысты аудан әкімінің шешімімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Қазір, яғни 27 наурыз күні мұз Арал ауданының Қызылжар елді мекені тұсынан өтуде. Бүгін «Ақлақ» су торабына жетеді. Арал аудан әкімдігі, су шаруашылығы, облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары – барлығы 32 адам, 11 техника өзен бойына кезекшілік ұйымдастырып, мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Жағдай толық бақылауда, елді мекендерді су басу қаупі жоқ.
Қазіргі уақытта су жайылуы салдарынан Қармақшы және Қазалы аудандарында орын алған жағдайдан соңғы шығын көлемі анықталуда. Құзырлы органдар су алуы бейім аумақта орналасқан малшыларға бірнеше мәрте ескерту жасаған. Қолдарына су басу қаупі туралы хабарлама берген. Қожалық иелерінің ескертуді елемегенінің салдары мал шығынына әкеп соқты. Мамандар «күзден бастап өзенді бойлай орна-ласқан қыстақтар мен малшыларды аралап, арнайы ескерту жасағанмен, олар қауіпсіздік шараларына мән бермейді»  деп алаңдаушылық білдірді. 
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз