
Осымен 23-мәрте ұйымдастырылған жарысқа Қызылорда қаласы мен 7 ауданнан 10 команда 230 спортшы 5 эстафеталық сайыс бойынша бақ сынасты.
Жарыс 3 кезең бойынша өтті. 1-ші кезеңі әр ауылдық округте іріктеу жарысы өткізілсе, 2-ші кезеңі жартылай финал жарыстары аудан орталықтарында өткізілді. Ал 3-ші кезеңі облыс орталығында финалдық жарыстар өткізіліп, үш кезең бойынша жарысқа 7500 спортшы қатысты.
Нәтижесінде Қызылорда қаласының №23 мектеп – лицей командасы қатарынан сегіз мәрте жарыстың жеңімпазы атанды.
Қызылорда қаласының №198 орта мектебі – екінші орынды иеленсе, №235 орта мектебі – үшінші орыннан көрінді. Төртінші орынды – Қармақшы ауданының №250, бесінші орынды – Қазалы ауданының №249мектеп-лицейлері еншіледі.
Одан кейінгі орындарға № 62 (Арал ауданы), №137 (Сырдария ауданы), № 34(Жалағаш ауданы), №254(Жаңақорған ауданы) және № 244 мектептер (Шиелі ауданы) ие болды. 1-5 орындарды иеленген командалар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының кубок, алғыс хат, естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!