Сегізінші мәрте жарыс жеңімпазы

98

0

Сегізінші мәрте жарыс жеңімпазы
Сегізінші мәрте жарыс жеңімпазыБүгін «Евразия» спорт кешенінде «Нашақорлыққа жол жоқ!» ұранымен «Бәрің де жарысқа!» атты орта мектеп оқушылары арасындағы  облыстық ақтық жарыс өткізілді.  
Осымен 23-ші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Қызылорда қаласы мен 7 ауданнан  10 команда 230 спортшы  5 эстафеталық сайыс бойынша бақ сынасты. 
Жарыс 3 кезең бойынша өтті. 1-ші кезеңі  әр ауылдық округте іріктеу жарысы өткізілсе, 2-ші кезеңі жартылай финал жарыстары аудан орталықтарында өткізілді. Ал 3-ші кезеңі облыс орталығында финалдық жарыстар өткізіліп, үш кезең бойынша жарысқа 7500 спортшы қатысты. 
Нәтижесінде Қызылорда қаласының №23 мектеп-лицей командасы қатарынан сегіз мәрте жарыстың жеңімпазы атанды. 
Қызылорда қаласының №198 орта мектебі  – екінші орынды иеленсе, №235 орта мектебі – үшінші орыннан көрінді. Төртінші орынды –  Қармақшы ауданының №250, бесінші орынды – Қазалы ауданының №249 мектеп-лицейлері еншіледі. 
Одан кейінгі орындарға № 62 (Арал ауданы), №137 (Сырдария ауданы), № 34(Жалағаш ауданы), №254 (Жаңақорған ауданы) және № 244  мектептер (Шиелі ауданы) ие болды.
1-5 орындарды иеленген командалар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының кубок, алғыс хат, естелік сыйлықтарымен марапатталды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз