Сексеуілде клуб пен спорттық кешен салынады

41

0

Сексеуілде клуб пен спорттық кешен салынадыАрал. Аудандағы бірқатар елді мекендерде әлеуметтік маңызы зор жаңа нысандардың іргетасы қаланады деп күтілуде.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Камыстыбас елді мекені мен Сексеуіл кентінен 150 орындық 2 клуб құрылыстары пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар Сексеуіл кентінен спорттық сауықтыру кешені құрылысының жоба-сметалық құжаттары дайындалатын болады. Сексеуіл кентінен бір аусымда 100 адам қабылдайтын ауылдық емхана құрылысы жүргізілмек. Бекбауыл, Қаратерең, Аманөткел ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялар мен Сексеуіл кентіндегі 40 орындық аурухана құрылыстарының жоба-сметалық құжаттары әзірленеді.
Сексеуіл кенті тұрғындар саны жөнінен аудан орталығынан кейінгі  орында тұр. Онда 10 мыңға тарта адам бар. Қамыстыбас елді мекені де аудандағы іргелі елді мекеннің бірі саналады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз