Сенат депутаттарын сайлаушылардың келуі 98,3 процентті құрады

60

0

 
ҚР Парламенті Сенаты депутаттарын сайлаушылардың келуі 98,3 процентті құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
«Қазақстанның барлық аймақтарында Астана уақыты бойынша сағат 10-00-де сайлаушыларды тіркеу аяқталды. ҚР Орталық сайлау комиссиясының Астана, Алматы мен  облыстардан алған жедел деректеріне сәйкес,  бүкіл ел  бойынша сайлаушылардың келуі 98,3 процентті құрады. Барлық аймақтарда қажетті кворум бар. Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы Конституциялық заңның  77 бабының 2 тармағына сәйкес егер сайлайтын депутаттардың 50 пайыздан  астамы қатысқан жағдайда сайлаушылардың жиналысы құқықты болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанның  барлық 16 өңірінде сайлаушылардың жиналысы басталды», – деді Марат Сәрсембаев.  
Бұған дейінгі түпкілікті деректерге сәйкес, еліміздің заң шығарушы органының жоғарғы палатасының 16 мандатына облыстардан, Астана мен Алматы қалаларынан 38 үміткер тіркелген. Сайлауға қатысатын таңдаушылардың саны – 3293. Сенат сайлауын 288 халықаралық байқаушы қадағалайды.      
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз