Серік Сәпиев – «Астана арландары» клубының директоры

58

0

Серік Сәпиев – «Астана арландары» клубының директорыБокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев «Астана арландары»
бокс клубының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы «Астана» кәсіпқой
спорт клубының өкілі Дархан Қалетаев мәлімдеді.
«Серік Сәпиевтің биыл Англиядағы оқуы аяқталады. Елге келген соң,
«Астана арландары» клубын басқаратын болады. Дүниежүзілік WSB бокс
сериясында келесі жылдан бастап Рио Олимпиадасына жолдама беріледі, сол
жолдамаларды иеленуіміз керек. Клубтың алдындағы басты мақсаты да осы», –
дейді Дархан Қалетаев.
«Астана арландары” клубын осы уақытқа дейін басқарған Болат
Манкенов пен бас бапкер Сергей Корчинский отсавкаға кеткен болатын.
Айта кетейік, WSB жобасы 2015 жылдың қаңтар айында басталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз