
Серіктестік мүшелері бүгінгі таңда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін салушыларға өз өнімдерін ұсынып отыр. Олар 500 миллион теңгенің 8300 текшеметр бетон және бетоннан жасалған дүниелерді жасап берді. Қос құрлықтың арасын жалғаған халықаралық тасжолдың Қазалы ауданы аумағындағы бөлігін салып жатқан компаниялар серіктестіктің 257 миллион теңгенің 430 текше метр өніміне тапсырыс беріп, өздерінің қажеттеріне жаратты. Осылайша жергілікті серіктестік халықаралық көлік дәлізінің құрылысына өз үлестерін қосып келеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!