«Сейхұн КАМ-ҚМУ» командасы – жеті дүркін ел чемпионы!

85

0

«Сейхұн КАМ-ҚМУ» командасы - жеті дүркін ел чемпионы!Алматы қаласында гандболдан әйелдер арасындағы  Қазақстан
Республикасының XXII чемпионатының суперлига ойындарының  алтыншы
турында қызылордалық «Сейхұн КАМ-ҚМУ» командасы   жеңіске жетті. Биылғы
маусымның соңғы турына еліміздің үздік 4 командасы өзара бақ сынасты.
Қызылордалық команда финалда Алматы облысының «Іле» командасымен
кездесіп, ойынның негізгі уақытында тең түсіп, қосымша уақытта 36:32
есебімен жеңіске жетті. Бұл жетістігімізді еліміздің тәуелсіздік
мерекесіне арнаймыз деді облыстың аға жаттықтырушысы Вячеслав Ким.
Команданың айтулы жеңіске жетуіне елеулі үлес қосқан ҚР халықаралық
дәрежедегі спорт шебері Евгения Цупенкова чемпионаттың «Үздік қақпашысы»
номинациясын иеленді.  «Сейхұн КАМ-ҚМУ» командасы   осымен 7 дүркін ҚР
чемпионы атанды.
Екінші орынды «Іле» командасы (Алматы облысы) иеленсе, үшінші орын
Алматы қаласының гандбол клубына бұйырды. Ал Астана қаласының гандбол
клубы төртінші орынды еншіледі.  
Айта кетейік, осы жарыстың қорытындысы бойынша қызылордалық команданың 7 ойыншысы  ұлттық құрама команда сапына енді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз