Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

48

0

Атмосфералық ағындардың өтуіне өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет. 
Кей жерлерде жаңбыр, найзағай болып, жел күшейеді, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыста бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең солтүстікте тұман түсуі мүмкін Оңтүстік-шығыста, республиканың  орталық және шығысының кей жерлерінде ыстық ауа райы күтіледі. Солтүстік  Қазақстан,   Ақмола,  Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін. Солтүстік  Қазақстан  облысының кей жерлерінде түнде және таңертең  тұман болады. 
Қызылорда облысының кей желерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады. Қостанай,  Павлодар,  Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, күндіз Қарағанды, Оңтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші  15-20 м/с болады.  Күндіз Алматы облысында, Қарағанды , Шығыс Қазақстан облыстарыныңда кей жерлерде қатты ыстық сақталады. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі күтіледі.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз