Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

43

0

 Қазгидромет 21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауа ағымдарының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек батыста және шығыста жауын-шашын сақталады.

Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі болжануда.

Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік-Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жел тұрады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз