ҮШ СПОРТШЫ ҮМІТТІ АҚТАДЫ

46

0

ҮШ СПОРТШЫ ҮМІТТІ АҚТАДЫАстана қаласында кикбоксингтен ересектер арасында өткен Қазақстан
кубогында қызылордалық кикбоксшылар 2 алтын, 1 күміс жүлдені иеленді.
    Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі
хабарлағандай, кикбоксингтің фулл-контакт және к-1 бөлімдері бойынша
ұйымдастырылған жарысқа Астана, Алматы қалалары мен облыстардан 16
команда қатысты. Бәсекеде сынға түскен қызылордалық үш спортшы да
жеңіспен оралды. Атап айтсақ, к-1 бөлімінде 75 келі салмақ дәрежесінде
өнер көрсеткен Алтынбек Жүнісов пен 86 келіде Ахмедияр Аманжолов ел
кубогының жеңімпазы атанса, 67 келіде Елдос Рысбай күміс жүлдені
еншіледі.
    Спортшыларды жарысқа кикбоксингтен облыстың аға жаттықтырушысы
Берік Ахметов дайындады. Үш спортшы да – облыстық жоғары спорт шеберлігі
мектебінің тәрбиеленушілері.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз