Үш тілділік заман талабы

66

0

Заманың түлкі болса бүркіт болып шал деген. Бұл қазақ заманының кыр-сырын түсінбесе керек, үш тілділік сөзіне үрке қарап жүргені рас. Бұл елеулі ел тағдырын таразылайтын мәселеде де әлеует пікірі екі тарапқа қақ бөлінді. Оңды-терісті пікірлерді саралап,сара жолды салатын үкімет өкілінде көп әурелеп, абдыратып, санасын сан жолға шашыратып, біраз састырды. Бір топ қазақ баласының болашағы үшін белді бекем буып, тәуекелге бас тігелік, тәуекел түбі жел қайық, бірдеңесі болар.
Тіл үйрену-бұл қазаққа жат емес, кезінде бабамыз пәлен тіл білген деп мақтасты. Қарсы пікір карша жауатыны, әрине анық. Екінші топтың өкілдері ұлтшылдық көзқарасты жандардан жиналып, пікірлері бір ауыздан шықты. Барша адамның пікірлерінің идеясы «Өзі өлімшідей болған, ғұмырын әрең жалғастырып отырғанына тілімізді өзгенің өгей тілімен шағыстырмаймыз». Өз тілін қарық қыла алмай отқан бұл үкімет, өзгені жарылқағаны күлкілі деп сөз барысында биліктіде сынға сынап өткенді. Екі тараптың да негізгі ойында қазақ халықты, ғажап халыққа айналдыру. Әрине, сол бұрыңғы қарапайымдылығымен қалықтап, қазақша дәстүрімен тілін қос қанатына айналдырып, әлем аренасына қанат қағу.
Бұл мәселеде билік басындағалырдың айтатын жауабы біреу. Қараша халық бұл бастаманы бұрыс түсініп отыр деумен ақталады. Ақталғаны орынды-ақ. Қазақтың маңдайына бақ болып туылған біл елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауында үш тілділік енгізгенде, ана тіліміз қазақ тілі ең біріншісі болады, ал қалғаны төл тілімізді төрден түсіре алмайды деп әңгіменің басын сол бастан ашып алғанды. Кезінде қазақ перзенті Абылайхан: «Білекпен күш сынасатын кезде намысты қолдан бермедік, ал енді біліммен жарысар кезде қапыда қалып жүрмелік» – деген   екен. Ал ендеше осы философиялық ойдың аясында үш тілділікті жолға қойып, қазақ халқының бар болмысымен әлемге таныту, қазіргі  Қазақстанның «Мәңгілік ел» идеалогиясының басты мұраттарының бірі. Қу түлкі заманымыз үш тілді талап қылса, бүркітше шалып іске кірісейік.Бұл мәселеде жас тілші ретіндегі көзқарасым осылай болды.
Шернияз Жалғасбекұлы. Қызылорда қаласы №101 мектеп-лицей 11 А сынып оқушысы. 
                    

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз