Шаған ауылында спорт кешені салынды

44

0

Шаған ауылында спорт кешені салындыСырдария ауданы Шаған ауылында жаңа спорт кешені іске қосылды, деп хабарлайды «Сыр бойы» газетінің интернет сайты тілшісі.
Шаған ауылында жаңа спорт кешені өткен айда бой көтерген. Спорттық нысанды Сырдария аудандық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша, «Автономная отопительная система» ЖШС мердігер мекемесі салған.  Ал бұл ғимарат алдағы уақытта №12 Сырдария ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің теңгеріміне берілмек. 
Шағандағы спорт кешенінің көлемі – 1028 шаршы метр. Екі қабаттан тұратын ғимаратта жаттықтырушылар, қызметшілер, дәрігер, құрал-жабдықтар, әкімшілік бөлмелер, сондай-ақ әжетхана, гардероб, ерлер мен әйелдерге арналған жуынатын бөлме, тренажер және күрес залдары орналасқан. Спорттық кешен автономды жылу көзімен (сұйық отын) жылытылады. 
№12 Сырдария ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Аманбек Тобаевтың айтуынша, жаңа ғимараттың арқасында ауылда балаларды спортқа баулу шаралары жолға қойылады.
«Бұрын ғимараттың жоғынан қатты қиындық көретінбіз. Мәселен, бұған дейін боксшы балаларымыз 60-жылдары салынған ескі нысанда жаттығып келді, енді мұндай жайсыздықтар болмайды», – дейді ол.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз